Русский Сайттың толық нұсқасы

Кімдер тісті тегін емдете алады?

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2024
  • 1679

Биыл тіс емдеу қызметінің құны шамадан тыс қымбаттаған. Жай ғана жұлдырудың өзі қазір 10 мың теңгеден басталады. Ал емдеу, тіс салу ақысы тіпті шарықтап тұр. Неге? Тілшіміз оның жауабын білуге тырысты. Көрейік.

Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

32 тістің қадірін қақсағанда білесің. Жәй ғана тіс жұлдыру үшін, қалтаңызда кемінде 10 мың теңге болуы қажет. Ал емдетіп пломбалау 15 мыңнан жоғары. Жоқ орынға тіс алдыру кемінде 40 мың. Имплант салдыру 100 мыңнан –300 мыңға дейін.

Баға шарықтап тұр. Мұны халықтың қалтасы көтере ме ?

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қымбат совсем. Біз енді мына пенсионерміз ғой бізге қымбат.
- Бастысы качественный, бірақ арзаны жоқ
- Жалпы түгелі қазір қымбат.

Ал қызмет ақысының қымбаттығы тіс емдеуге қажетті материалдардың бағасына қатысты дейді дәрігерлер. Оны арнайы тапсырыспен басқа мемлекеттен алдыратын көрінеді.

Диас АБАЕВ, СТОМАТОЛОГ ХИРУРГ:

Ол материалдар Қазақстанда шықпағаннан кейін. Ол көбінесе сырт елден келеді. Германиядан келеді, Кореядан, Қытайдан келеді. Сапалы болғаннан кейін ол қымбат.

Былтыр үшінші тоқсанда отбасылар 6,6 мың теңгені стоматологиялық қызметке жұмсаған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда біршама артық. Ұлттық статистика бюросы жүргізген сауалнама нәтижесі осындай. Яғни, қазақстандықтар тіс емдетуге ақша көп жұмсай бастаған. Дегенмен, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, медициналық сақтандыру арқылы да халықтың жекелеген санаты шұғыл және жоспарлы түрде тісін тегін емдете алады.

Тіс дәрігерінің қызметіне жүгіну үшін стоматологиялық клиникаға хабарласып, қабылдауға жазылған дұрыс. Стоматологиялық көмекті емхана арқылы ғана емес, медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген жеке меншік тіс клиникалары арқылы да алуға болады. Шұғыл стоматологиялық көмек алу үшін учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Стоматологиялық көмек алу үшін емханаға да, стоматологиялық клиникаға да жүгіне аласыз. Міндетті шарт – стоматологиялық клиника Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілерінің деректер базасында болуға тиіс.