Русский Сайттың толық нұсқасы

Майқайыңдағы апаттың себебі анықталды

Майқайыңдағы апаттың себебі анықталды. Бұған тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болған. Бұдан бөлек шахтада өндірістік бақылаудың болмауы, жердің опырылуына әкелген. Жер астын бұрғылаудан кейін бос орындардың орны толтырылмаған. Осыған байланысты салаға жауапты 7 қызметкер заң алдында жауапқа тартылмақ.

Данияр АНДАСОВ, ҚР ТЖМ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Тергеу жұмыстары нәтижесінде акт жасалынып, 20 іс-шаралар жоспары берілді. Тергеу кезінде барлық құжаттар алынып, құжаттар, жобалар қарастырылып, жоба бойынша аталған кәсіпорында өзін-өзі құлау әдісі алынды тау-кен жұмыстарын жасау үшін. Коммиссия тергеу нәтижесін жүргізген кезде осы жұмыстарды бақылау дұрыс жүргізілмегені анықталды.