Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жаңа сейсмологиялық станция салынады

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2024
  • 1403

 1927 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бекеттің ғимараты бүгінде әбден тозған, - деп жазды KAZINFORM

Шымкентте сейсмологиялық станция бар. Мұнда сейсмикалық деректерді жинау, талдау, өңдеу, жер сілкінісі ошақтарының класын, магнитудасын және бағытын анықтау жұмыстары жүргізіледі.

Станцияда 3 жұмысшы қызмет атқарады. 1927 жылдан бері жұмыс істеп келе бекеттің ғимараты бүгінде әбден тозған.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Шымкент» сейсмологиялық станциясының жұмысымен танысты.

Бекеттің жай-күйін көрген қала әкімі жауаптыларға жаңа ғимарат салуға тапсырма берді.

Сондай-ақ, Ғабит Сыздықбеков сауда логистикалық орталықтағы көпфункционалды қойма кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылады.

Жаңа көкөніс қойма кешені 6 гектар аумақта салынуда. Жеке инвестор есебінен қаржыландырылған инвестициялық жобаның жалпы құны – 10 239 млн теңге. Биыл іске қосылатын қоймада 107 адам жұмыспен қамтылады.

Құрылыс жұмыстарын бақылаған қала басшысы кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау жалғасатынын жеткізді.