Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда тағы да мектептерге шабуыл жасау туралы хабарлама тарады

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2024
  • 1543

Атырауда мектептерге шабуыл жасау туралы хабарламалар таралып жатыр. Полиция бұл халық арасында дүрбелең туғызуға бағытталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өңірдің полиция департаменті тұрғындарға мектептерге "шабуыл" туралы кезекті хабарламаға байланысты тағы да жүгінді. Құқық қорғау органдары терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін тергеу бастады.

"26 қаңтардан бастап біз оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде бейнебақылау және оларға жақын жерде полиция жасақтарының санын көбейту арқылы үздіксіз жұмыс жүргізіп келеміз. Мектеп оқушылары штаттық режимде оқуды жалғастыруда, полиция және басқа да құзыретті органдар сәйкесінше қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға арналған", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 25 қаңтарда Telegram желісінде "Конец Актобе" деп аталатын арна пайда болды. Автор Ақтөбе мектептерінде қырғын жасағысы келетінін мәлімдеген. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Мектепте сабақ тоқтатылған жоқ.

Атырау облысында да осындай қоқан-лоққы хабарламалар түсті. Облыс әкімінің орынбасары үрейленбеуге шақырды.