Русский Сайттың толық нұсқасы

14 жастағы бала депутатты аямай ұрды

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2024
  • 1321

Қолына тас алып, Оңтүстік Корея депутатын ұрып-соққан 14 жастағы ер бала психикалық ауруханаға жеткізілді. Видео бейнебақылау жүйесіне түсіп қалған.

Шабуыл нәтижесінде саясаткер Бэ Хён Джин басынан жарақат алды.

Күдікті Сеул қаласының (Корея Республикасы) оңтүстігінде шабуыл орнында ұсталып, ата-анасының қатысуымен өткен тергеуден соң ауруханаға жеткізілді.

Видеодан сұр баскиім мен бетперде киген күдіктінің Бэ Хён Джинге жақындап, тасқа ұқсас затпен шабуылдағанын көруге болады. Әйел бұзақымен бөгде кісі ажыратқанға дейін жалғыз күресті.

Саясаткер ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның ауыр жарақаттан аман қалғанын айтты.