Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстанда сайлау комиссиялары өз жұмыстарын бастады

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2016
  • 2104

Батыс Қазақстан облысында сайлаушылар саны 6 пайызға артқан. 20-наурызда аймақта 430 мың 875 адам дауыс береді деп жоспарланған.  Облыстық сайлау комиссиясы бүгін БАҚ өкілдеріне азаматтардың мекен-жайы нақтыланып, тізімделгенін жеткізді. Комиссия төрағасы Ғайса Қапақовтың дерегінше, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына 615 үміткер тіркелген. Оның 67 пайызы өзін-өзі ұсыныпты. Сайлау күні мәслихаттағы депутаттық бір орынға үш адам таласатын болады. Облыстық сайлау комиссиясы өкілдері тұрғындарға тізімнен өздерінің аты-жөндерін алдын ала тексеріп алуды сұрап отыр.

Ғайса Қапақов, БҚО сайлау комиссиясының төрағасы:  

Комиссиялар қазір тізімдерді қабылдап алды. Сол тізімді әкімдіктерден алғасын сол бойынша жұмыс істейміз. Тізімдер бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Ендігі өтінішіміз - сайлау комиссиясындағы сол тізімді қарап, өздерінің бар-жорғын тексерулерін сұраймыз.


Еркін КАРИН