Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 100 жыл бұрынғы жойқын жер сілкінісі қайталануы мүмкін - сейсмолог

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2024
  • 2172

Қазақстандық сейсмолог Абдулазиз Абдуллаев Динара Сатжанға берген сұхбатында Алматыда жойқын жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"100 жыл бұрынғы жойқын жер сілкінісі қайталануы мүмкін, бірақ оның "қашан?" екені белгісіз. Жер сілкінісіне әсер ететін құрылымдар мен факторлар осылай дамиды. Қазір мұны 100 жылдық цикл деп атап жатыр, бірақ бұл біздің бақылауымыз ғана және біз оны соңғы 10 жыл ішінде ғана бақылап отырмыз. Бұл ең көне оқиғаның бірі, ал біздің бақылауымыз аз уақытты қамтиды. Өйткені дәл осы кезде аспаптық және сілкіністі тіркейтін жоғары сезімтал сейсмологтардың мүмкіндігі пайда болды", - деп жауап берді сейсмолог. 

Айта кетейік, бұған дейін биыл Алматыда жойқын жер сілкінісі бола ма? Сейсмолог мамандар болжам жасаған еді.

Жалпы, сейсмикалық жағдайға баға беру үшін Сейсмология институты әртүрлі мерзім бойынша болжам жасап отырады. Орта мерзімді және қысқа мерзімді болжам түрі болады. Орта мерзімді есеп жылына екі рет жасалады. 

"Жақында ғана бізде Алматы полигонының аумағында жер сілкінісінің орта мерзімді болжамы туралы қорытынды әзірленді, ол уәкілетті органдарға берілді. Қорытындыға сәйкес, 2023 жылы Алматыда жеті балдан асатын жойқын жер сілкінісі болмайды. Ғылыми-іздестіру тұрғысынан 200-ден аса болжамды параметрлерді талдау негізінде жасалатын апталық қысқа мерзімді қорытынды әзірленеді. Осы қорытындылар бойынша алдағы аптада да бәрі тыныш болады", - дейді Нұрсәрсен Өзбеков.