Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы ардагерлерге құрмет көрсетті

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2016
  • 4499

Атыраудағы «Бірлік» бастауыш партия ұйымы республикадағы 700-ге жуық ұйымның арасынан ең үздік деп танылған. Х. Досмұхамедов атындағы  мемлекеттік университет жанынан 2012 жылы құрылған ұйым жұмысымен танысуға бүгін «Нұр Отан» партиясының облыстық филиал төрағасының орынбасары Нұрлыбек Ожаев барды. Бүгінде «Бірлік» ұйымының құрамында 500 мүшесі бар. Олар аймақтағы қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді. Партияның ірі 7 жобасы бойынша белсенді жұмыс атқаратын ұжым өңірдегі 137 бастауыш партияға үлгі болып отыр.

Баянсұлу Тыныбаева, «Бірлік» БПҰ төрағасының орынбасары:

Біз аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына да оқу ақыларына жеңілдік, жалпы ғылыми жұмыс жобалардағы, елдің беделін көтеретін үлкен жобаларға қатынасуға мүмкіндіктер жасап отырмыз.

Облыстық филиал жетекшілері мұнан соң «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қоғам қайраткерлерін жаңа жылмен құттықтады. Саналы ғұмырларын аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына арнаған қарттардың өнегелі әңгімесін тыңдап, болашақ жоспарларымен бөлісті. Айта кетейік, филиал жыл бойы жоба аясында екі жүзден астам шара өткізіп, төрт мыңға тарта қарияға түрлі көмек көрсеткен.

Нұрлыбек Ожаев, «Нұр Отан» Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы бойынша 237 шара атқарылған болатын. Оның ішінде, әрине, ҰОС ардагерлері, тыл ардагерлері, жергілікті атқарушы органдар бар, басқа да әлеуметтік қолдау құрылымдары арқылы әлеуметтік көмектер, тұрғын үй, пәтермен қамтамасыз ету, басқа да олардың тұрмыс-тіршілігіне қажетті шараларды толыққанды қамтамасыз етуге жұмыстандық.