Русский Сайттың толық нұсқасы

Адам миына алғаш рет чип енгізілді

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2024
  • 849

Америкалық NEURALINK компаниясы адам миына алғаш рет чип енгізді. Бұл туралы 24.kz. хабарлайды. 

Бұл туралы компания басшысы Илон Маск хабарлаған. Оның айтуынша, миына чип енгізілген адам өзін жақсы сезініп жүр.

«Телепати» деп аталатын имплант иесіне телефон мен компьютерді ойымен басқаруға мүмкіндік береді. Құрылғы чип және құлаққа бекітілетін капсуладан тұрады. Маск инновациялық құрал сал болып қалған науқасқа қимыл-қозғалыс жасауға көмектеседі. Оны протезбен жүретіндер де қолдана алады.

Жоба негізі 10 жылдай бұрын қолға алынған. Бұған дейінгі тәжірибе жануарларға жасалып келген.