Русский Сайттың толық нұсқасы

17 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева 4 жылға спорттан шеттетілді

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2024
  • 1273

Лозаннадағы Спорттық арбитраждық сот (CAS) 17 жастағы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваны төрт жылға спорттан шеттету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Спортшыны жарыстан шеттету мерзімі 2021 жылғы 25 желтоқсанынан бастап есептеледі. Сол күні мәнерлеп сырғанаудан Ресей чемпионаты кезінде ол допинг сынамасын тапсырып, кейін оның құрамында тыйым салынған триметазидин заты бар екені анықталды. Валиеваның барлық атағы мен жетістігі көрсетілген күннен бастап жойылды. Осылайша ол Ресей мен Еуропа чемпионы болуды ресми түрде тоқтатады.

Сот өз шешімін шығарған кезде ресейлік допингке қарсы ережелерді басшылыққа алғанын айтты. Валиева да допинг сынамасында тыйым салынған заттың барын жоққа шығармады. Камила Валиеваның өзі және оның жаттықтырушысы Этери Тутберидзе CAS шешіміне әзірге түсініктеме берген жоқ.

«Р-Спорт» басылымы дереккөзге сілтеме жасап, конькиші бұл туралы бұрыннан білетінін хабарлады: оған үкімді жаттығу кезінде айтқан. Сонымен қатар, журналистер бұл шешім қабылданғаннан кейін Валиеваның Instagram желісінде мұңды музыканың сүйемелдеуімен сөйлеген сөзінен үзінді жариялағанын байқады.