Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай тұрғындары қалың қардан көктемде қауіп төнеді деп дабыл қағып жатыр

Қалың қардан қауіп бар.Қостанай тұрғындары дабыл қағуда. Көпшілік көктемде үйімізді су басады деп алаңдаулы. Ал жергілікті билік өкілдері күн жылынғанға дейін ақ ұлпаны тазалаймыз деп отыр.Шаһар шетіндегі қар басқан шағын аудан түрғындарының шағымын тілшіміз Заңғар Санай жеткізеді.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Тау болып үйілген қалың қарды тазартып жүрген жұмысшылар мен техника байқалмайды. Бұл аумаққа жауапты коммуналдық кәсіпорын түнде ғана жұмыс істейді деп сендірді әкімдік өкілдері. Ал көпшілік болса көктемде үйімізді су басады деп дабыл қағып жатыр.

Қостанай-2 шағын ауданын елу жылдан бері мекендейтін Николай Швыченко ауласын ақ ұлпадан аршып әлек. Қария күн жылынғанға дейін қалың қарды сыртқа шығаруым керек дейді.Әйтпесе көктемде үйін су басады.

Николай ШВЫЧЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қар өте көп түсті.Келесі аптадан бастап көшені тазартамыз деген.Енді міне ауланың маңайын аршып жатыр.Трактор жақынырақ келсін деген оймен.

Коммуналдық кәсіпорын жұмысы мардымсыз.Былтыр көшедегі қарды екі-үш рет аршыса,биыл әлі сыртқа тасыған жоқ.Тіпті жаяу жүргіншілер соқпағы қар астында жатыр.Сондықтан тұрғындар көлікпен жарысып жүруге мәжбүр.Жығылғанға жұдырық демекші қаладан шыққан қарды біздің жаққа әкеп төгіп жатқаны тағы бар дейді көпшілік.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Көктем сайын бұл маңдағы әр үйдің жертөлесі суға толады.Ал мына қарды тазартпаса жағдай тіпті қиындай түседі.Жаяу жүргіншілер жолын қар басып жатыр.Менің үш балам бар.Солар үшін алаңдап отырамын.Өйткені олар көлік жолымен жүруге мәжбүр.
-Суағар салған.Соған қарамастан көктемде бұл маң көл боп кетеді.Бақа қаптайды.Жағымсыз иіс шығып тұрады.

Қалалық тұрғын –үй коммуналдық шаруашылық бөлімі тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ деп сендірді.Наурыз айының соңына дейін қалың қарды түгел шаһар шетіне шығарамыз деп отыр.

Алтынбек ҚАЙРАТҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Он күннің ішінде қалған көшелерді қардан тазартылады.Наурыз айында тағы шығаруға ойымыз бар.Бұл жыл сайын,ы жұмыс.Су тасқыны болады,үйлерді су басады деген қауіп жоқ.Оған дейін қарды шығарып үлгереміз.

Биыл Тобыл өңірінде қар қалың .Тіпті былтырғымен салыстырғанда екі есе қалың түскен. Қостанайдағы коммуналдық мекемелер бұған дейін 400 мың текше метр қар қала сыртына шығарылған.Тағы да тасып жатыр.