Бүйрегін 18 мың АҚШ долларына сатпақ болған адам ұсталды. Ол интернет арқылы ағзасын сататынын жариялаған. Бұл хабарламаны Ақмола облысының полицейлері байқап, бірнеше апта бойы арнайы операция жүргізді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері донормен келіссөз жасаған. Нәтижесінде екі тарап трансплантация жасау үшін ақша беруге келіседі. Күдікті ақша алу барысында ұсталды. Тергеу кезінде ер адамның Ақтөбе қаласының тумасы екені, бірақ Астанада тұратыны анықталды.