Русский Сайттың толық нұсқасы

«Өзен» кен орнында жұмысшы қаза тапты

  • AstanaTV
  • 01 ақпан 2024
  • 1099

«Өзенмұнайсервис» ЖШС Өзен кен орнында болған жазатайым оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылы 27 қаңтарда «Өзен» кен орнындағы ұңғымалардың бірінде күрделі жөндеудің түнгі ауысымында жазатайым оқиға болып, мердігер компания – «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС жұмысшысы қаза тапты.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтау, алдағы уақытта мұндай жағдайларды алдын алу үшін мемлекеттік еңбек инспециясының жетекшілігімен комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл жағдай жұмыс беруші компания «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС мен «Өзенмұнайсервис» ЖШС басшылығының ерекше бақылауында, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта жұмыс беруші компания «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС қаза болған жұмысшының отбасына қажетті материалдық көмек көрсетуге дайын.