Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жақында той". Мадина Садуақасова Желіге жүктеген ерекше видеосымен оқырмандарын ойландырып қойды

  • AstanaTV
  • 01 ақпан 2024
  • 1761

Танымал әнші Мадина Садуақасова Желідегі парақшасында той көйлегін киген видеосын жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жақында той", - деп жазған әнші видео астына.

Бұған әншінің оқырмандары таңданып, сұрақ қойып, түрлі пікір қалдырған.

"Той тойға ұлассын", "Мен сізді тағы да күйеуге шықты ма деп қарап отырсам", "Үшінші рет па?", "Той көйлегін кігің келіп жүр ме?", "45-ке келсе де әлі қоймайды осы", "Ойбай, қайда жиналдыңыз?", "Құтты болсын", "Екінші күйеуге шыгасың ба?", "Тағы байға тиесің ба?", "Тағы да байға шығып жатсыз ба?", - деп пікір қалдырған оқырмандар.

Айта кетейік, бұған дейін "Сол сәтте ақшам болмай қалды". Әнші Мадина Садуақасова ұнатқан көйлегін алу үшін көлігін сатып жібергенін айтқаны хабарланған болатын.

Әнші көйлекті Дубайдан көріп, қатты ұнатқан, алайда дәл сол уақытта қалтасында қаражаты болмаған көрінеді.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын, Дубайда көрген бір көйлек қатты ұнап қалды, сол көйлекті кигім келді. Қателеспесем, бұл 2005 жыл болуы керек. Тура сол сәтте ақшам болмай қалды. Тіпті ұйықтасам да көйлекті түсімде көретін болдым. Содан кейін көлігімді сататын болып шештім. Астымдағы көлігімді бір жігіт менен сатып алғысы келіп жүрген, оған қоңырау шалдым да, көлікті алатын болсаң тезірек ақшаны әкеп бер дедім. Ақшаны алдым да, Дубайдағы құрбыма аударым жасап, көйлекті сатып алдыртып, ұшақпен Қазақстанға салып жіберуін өтіндім", - деді ол.