Бақытжан Сағынтаев еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Комиссияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 ақпанда еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысын бастады. Оларды еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында бекіткен.
"Бүгіннен бастап ЕЭК алқасының төрағасы – Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ ЕЭК алқасының мүшелері (министрлер) бекітті:
ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян;
ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян;
ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович;
ЕЭК техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий;
ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов;
ЕЭК кедендік ынтымақтастық министрі Эльдар Әлішеров;
ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Кожошев;
ЕЭК интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев;
ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Еске салайық, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев 2024 жылы еуразиялық экономикалық комиссия алқасын басқаратыны айтылды. Ол 2022 жылдың 1 маусымынан бастап еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі қызметін атқарды.