Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызыл кітапқа енген жануардың тушасы табылды

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2024
  • 1100

Жамбыл облысының тұрғынынан Қызыл кітапқа енген жануардың тушасы табылды. Қазіргі таңда заңсыз аң аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері облыстық балық шаруашылығы инспекциясымен, сондай-ақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемемен бірлесіп, Тоғызкент ауылдық округіне қарасты жайылымдардың бірінде браконьерлік жасады деп күдіктелген облыс тұрғынын ұстады.

Тексеру барысында ер адамнан жабайы жануарлардың 3 тушасы, қоян, кекілік және Қызыл кітапқа енген қарақұйрық, сондай-ақ аңшы мылтығы табылып, тәркіленді.

«Ер адамның айтуынша, ол қашып кеткен жылқысын осы аймақтардан іздеп, жабайы жануарларды көргеннен кейін оларды азық ретінде пайдалану үшін атуға шешім қабылдаған.
Қазіргі таңда заңсыз аң аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот сараптамалары тағайындалды», - делінген хабарламада.