Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Жоғары аудиторлық палатаның өкілеттігін іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2024
  • 884

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Ол Президентке Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын баяндады. Есеп беріліп отырған кезең ішінде 19,5 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы бойынша 208 нысанға 20 аудиторлық тексеріс жүргізілгенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ресурсының жұмсалу тиімділігін одан әрі арттыруға, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның жаңа өкілеттіктерін іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.