Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік тізгіндеп, ЖКО жасады

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2024
  • 1087

Семейде жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік тізгіндеп, ЖКО жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz. ​

59 жастағы Семей тұрғынына 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылу жазасы төніп тұр. Ер адам 2023 жылдың 5 қазанында қарсы қозғалысқа арналған жолға шыққаны үшін 6 ай мерзімге басқару құқығынан айырылған, бірақ бұл жағдай ер адамды тоқтатпады. Ол мас күйде LADA Granta автокөлігінің рөліне отырып басқа көлікпен соқтығысуға жол берді. ​Медициналық куәландыру актісінің қорытындысына сәйкес, ол Усть-Каменогорская көшесінде көлікті басқара алмай, Daewoo Nexia көлік қуралына соғылған кезде “жеңіл дәрежелі” мас күйде болған. ​Сотқа дейінгі тергеп-тексеру көлік құралдарының бүлінуіне әкеп соқтырған, оған құқығынан айырылған және мас күйде жүрген адамның автомобильді басқару фактісі бойынша жүргізіледі. ​LADA Granta жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. ​ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.