Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бельгия елшілігінен жауап келді». Анасын іздеген Жәнібек туралы тың дерек шықты

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2024
  • 1675

Журналист Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек Жұмағұловқа (Эдди Жан Савельевқа) қатысты жаңа ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуынша, Бельгиядағы Төтенше және өкілетті елші Марғұлан Баймұханнан хат келген.

Хат мазмұнында Жәнібек Жұмағұлов көмек сұрап, Бельгиядағы елшілікке жүгінбегені жазылған. Бұл мәлімет бұған дейін де бізге белгілі еді. Өйткені, Жәнібектің айтуынша, бала 16 жасында асырап алған адамнан бөлек кетіп, кәмелеттік жасқа толғанда тіпті Испанияға кетіп қалған. Сондықтан анасын іздеп, Испаниядан келген еді. Елшілік хатындағы екінші мәлімет: бала асырап алу орталығы өкілінің хабарлауынша, Жәнібектің асырап алынуы асырап алу агенттіктерінің қатысуынсыз, жеке, тікелей болған. Сондай-ақ, осы орталықтың өкілі бұл бала кәмелетке толғандықтан, қандай да бір есептерді, ақпаратты сұрауға немесе осыған байланысты қадам жасауға құқығы жоқ дегендей жауап алдық,—деді ол.