Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда белгісіз біреулер теракт болатыны туралы хабар таратқан

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2024
  • 2098

Әлеуметтік желілерде Павлодар мектептерінде белгісіз қылмыс дайындалып жатқаны туралы ақпарат тараған. Бұл хабар тұрғындарды шошытып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгісіз біреулер Павлодардағы бірнеше лицей, мектептер мен сауда орталықтарында адамдарды жаппай өлетіні туралы хабарлаған. Қорқынышты жазбалардың бірін 4 ақпанда құрылған жергілікті Telegram арнасы жариялаған. Автор балалардың жаппай атылуы туралы қоқан-лоқы бар бірнеше пост жариялап, оның ішінде қарудың суретін де қоса салған.

“Ертең Павлодар мектептерінде лаңкестік әрекеттер орын алады”, – деп анонимді жазба қалдырған автор "тазарту миссиясы" 5 ақпанда болатынын айтқан.

Қорқынышты хаттың скриншоттары Instagram желісінде де тарады. Пікірлерде көптеген қолданушылар ақпаратты фейк деп атаса, кейбір павлодарлықтар балаларын мектепке жіберуге қорқатындарын жасырмаған.

Павлодар облысының полиция департаменті халық арасында үрей тудырған ақпараттарды тексере бастағанын жеткізді.