Русский Сайттың толық нұсқасы

Майқайыңда жоғалған құтқарушыларды іздеу тоқтатылды

«Майқайың-алтын» кенішінде жоғалған құтқарушыларды іздеу жұмыстары тоқтатылды. Бұған автобус түскен шыңырау түбінің қуыс екені себеп. Мамандар жерді қазған сайын шахтаның опырылуы қаупі арта түскенін айтады. Сол себепті іздеу жұмысын тоқтатуға тура келіпті. Өйткені, құтқарушылардың да өміріне қауіп төнген. Ал жер астында денесі қалған екі құтқарушыны іздеу 1 айдан бері жалғасты. Алайда, оларды табу мүмкін болмай тұр.

Ерлан ҚАСЫМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазіргі уақытта «Майқайың алтын» АҚ-мен сол жерде зерттеу үшін жұмыстар жүргізуге бола ма, жүргізуге болмайтындығын зерттеу үшін геология, тау-кен, өндірістік қауіпсіздік бойынша маман тартылып жатыр. Соның қорытындысына сай алдағы уақытта ол жұмыстардың жүргізілетіндігі немесе тоқтатылатындығы анықталады.