Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында мектеп оқушылары мінген көлік жол апатына ұшырады

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2024
  • 1167

Ақмола облысында оқушылар мінген шағын автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауруханаға сегіз бала жеткізілген. Оқушылар мінген шағын автобус Көкшетаудан шыққан.

Полиция департаменті қайғылы оқиғаның 4 ақпанда болғанын хабарлады.

Полиция департаментінің мәліметінше, Көкшетау - Атбасар тасжолының 128-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі қар тазалағыш техниканы басып озбақ болған. 62 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен және Көкшетауға қарай кетіп бара жатқан 20 жастағы жүргізуші мінген Nissan Primera көлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан Nissan Primera жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. 15 жолаушы, оның ішінде жеті бала жарақат алып, Сандықтау аудандық ауруханасына жеткізілді.

Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады, сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады полиция департаменті.