Русский Сайттың толық нұсқасы

Олимпиаданың іріктеуіне Ризабек Айтмұқан емес, Әлішер Ерғали барады

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2024
  • 1048

Астана қаласында күрес түрлерінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Еркін күрестен жарыстың соңғы күнінде бес салмақта жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Тартысты бәсеке 97 келіге дейін салмақта өттті. Финалда 92 келіде қазақстандықтар арасынан алғаш рет 19 жасында әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан мен Азия біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері Әлішер Ерғали кездесті.

Олимпиадалық салмақта күрескен әлем чемпионы бастапқыда үздіксіз шабуылға шығып, 10.5 есебімен алға шыққан еді. Алайда кездесу аяқталуға 1 минут қалғанда Әлішер күш алып, 14:10 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Әлішер Ерғали Париж олимпиадасының жолдамасы үшін таласуға мүмкіндік алды.

61келі

1. Асыл Айтақын (Алматы қаласы)

2. Өміржан Дастанбек (Алматы облысы)

3. Владимир Кудрин (Ақмола облысы)

3. Дәурен Әмірхан (Алматы облысы)

70 келі

1. Мейіржан Әшіров (Жамбыл облысы)

2. Қуаныш Дүйсенқұл (Алматы қаласы)

3. Олжас Олжақанов(ШҚО)

3. Досжан Әсетов (ШҚО)

79 келі

1. Азамат Өміржанов (Астана)

2. Болат Сақаев (Атырау облысы)

3. Мағжан Жанырбай (Жетісу облысы)

3. Сыдық Қайыркелді (Ақмола облысы)

97 келі

1. Әлішер Ерғали (Жамбылс облысы)

2. Ризабек Айтмұқан (Алматы қаласы)

3. Камил Куруглев

3. Бекзат Үркімбай

125 келі

1. Юсуп Батырмурзаев (Ақтөбе облысы)

2. Абылай Совет (Алматы обласы)

3. Омар Эюов(Алматы облысы)

3. Талғат Жиентаев (Қостанай облысы).