"Amanat" фракциясы ҚР Премьер-Министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтың кандидатурасын ұсынды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.