Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайлық жанкүйерлер Лионель Мессиге өкпелеп қалды

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2024
  • 919

4 ақпанда Гонконгте өткен маусым алдындағы жолдастық кездесуде қытайлық жанкүйерлер Лионель Месси алаңға шыға алмағаны үшін америкалық «Интер Майами» командасын айыптады, - деп жазды KAZINFORM.

Америкалық Интер Майами командасы өткен аптада Гонконгке келіп, тұрғындардың ыстық ықыласына бөленді. Бұл негізінен атақты жұлдыз Мессидің осы команданың мүшесі болуымен байланысты. Көптеген жанкүйерлер Мессиді алаңда тамашалауды асыға күтеді, сондықтан ойын билеттері ерте сатылып кетті.

Ойынның билеттері өткен жылдың желтоқсан айында сатыла бастады, бағасы 880 Гонконг долларынан 4880 Гонконг долларына дейін (шамамен 113 АҚШ доллардан 624 АҚШ долларына дейін) болды.

Жексенбі күні өткен «Интер Майами» мен Гонконг арасындағы жолдастық кездесуді барлығы 40 000 жанкүйер тамашалады. Жанкүйерлердің басым көпшілігі бұл жерге Мессиді өз көздерімен көру үшін келген. Алайда Месси ойынды толық өткізген жоқ. Спортшы пальтосын шешпей, бүкіл уақыт бойы шетте отырды және ойнауға ниеті болмады.

Желіде тараған видеода, ойыннан кейінгі марапаттау рәсімі кезінде Мессидің марапаттарды тапсырып жатқан Гонконг үкіметінің шенеуніктерінен әдейі жалтарып, бұл шенеуніктермен қол алысудан немесе сөйлесуден бас тартқанын көрсетті.

Месси тіпті матчтан кейінгі фотосессия кезінде камераға түспеу үшін ойыншының артына әдейі жасырынып қалған.

Кейінірек Интер Майами бапкері Мессидің «жарақатқа байланысты» ойнай алмайтынын айтты.

Мессидің өзі ешқандай түсініктеме бермеді және ойыннан кейін жанкүйерлермен кездесу өткізу туралы ұсынысты қабылдамады.

Мессидің бұл әрекеті қытайлық жанкүйерлердің ашуын тудырды. Көптеген жанкүйерлер ойын алаңынан шығып бара жатып «Өтірікші» деп айқайлап, билеттерінің құнын қайтаруды талап етті.

Қытайдың Гонконг қаласындағы БАҚ-тың хабарлауынша, 5-і күні түске дейін Месси алаңға шықпағаны туралы 38 шағым түскен, оның 29-ы жергілікті тұтынушылардан және 9-ы шетелдік туристерден, қайтару сұраудың жалпы сомасы 210 мыңнан астам Гонконг долларына таяу.

Жолдастық кездесуге қомақты қаржылай демеушілік көрсеткен Гонконг үкіметі де өз наразылығын білдірді. Гонконг үкіметі, сондай-ақ, кейбір демеушілік қаражатты қайтарып алу мүмкіндігін қарастыратынын хабарлады.

Оның Қытайдағы әрекетінен күрт айырмашылығы, Жапонияға келгеннен кейінгі Мессидің көзқарасы болды. Жергілікті уақытпен 5-і күні кешке Жапонияның Токио қаласына келген Месси әуежайда өзін қарсы алған жапон жанкүйерлерін күлімдеп, қол бұлғады.

Сол күні Месси матч алдындағы баспасөз мәслихатына қатысып, «Мен Токиоға осы ойынға қатысу үшін келгеніме өте қуаныштымын», - деді.

Шарт бойынша Интер Майами 7 ақпанда J-Лиганың Виссель Кобе командасымен ойнайды.