Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстанда аң аулау кезінде жасөспірім жарақатын алды

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2024
  • 870

Батыс Қазақстан облысында аң аулау кезінде 17 жастағы оқушы оқ жарақатын алды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 3 ақпан күні Ақжайық ауданы аумағында болды.

«Шамамен сағат 13.30-да аудан орталығы Чапаев ауылынан 11 шақырым жерде аң аулау кезінде 29 жастағы ер адам абайсызда аңшы мылтығынан 17 жастағы жасөспірімге қарай оқ атқан. Салдарынан жасөспірім ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 114-бабы 3-бөлігіне (абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша жедел жәрдемге хабарлама түспегендігін жеткізді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.