Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары Шахандағы жағдайды бақылауға алатын болды

  • AstanaTV
  • 05 қаңтар 2017
  • 2544

Мәжіліс депутаттары Шахандағы жағдайды тікелей қадағалауына алмақ. Бүгін елді мекенге Парламент өкілдері арнайы атбасын бұрды. Олар ең бірінші кезекте тұрғындардың орталықтандырылған қазандық салу туралы ұсыныстарын үкіметке жеткізетінін мәлімдеді.

Нұрлан Дулатбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Бұл жерде адамдардың қауіпсіздігін және олардың жағдайын жасау үшін не істеу керек? Қазандықтың құрылуы, әрине, бұл сұрақ үлкен актуалды. Сондықтан біз бұл бағытта жұмыс жасаймыз. Халықтың айтқан барлық тілегін мемлекеттік органдарға жеткіземіз.

«Нұр Отан» фракциясының өкілдері Нұрлан Дулатбеков, Снежана Имашева мен Юрий Тимощенколар ең алдымен төтенше жағдай орын алған үйдің жағдайымен танысты. Ондағы тұрғындардың жай-күйіне құлақ түрді.

Жаңа жылдың алғашқы түні бұл үйдің жертөлесіндегі қазандық жарылып бүкіл бір подъезі құлап қалған. Салдарынан 9 адам қаза тапса, 6 адам жарақаттанды. Шахандықтар, қайғылы оқиға орталықтандырылған қазандықтың жоқтығынан орын алды ,-деп отыр. Тұрғындардың айтуынша, жертөледе орналасқан қазандықтар бұдан бұрын да жарылған. Ал, жергілікті халық биліктен орталықтандырылған қазандық салып беруді 12 жылдан бері сұрап келеді.

Сапар Ибкеев, Шахан кенті қоғамдық кеңесінің төрағасы:

Халық мұндай үйлерде жылдар бойы тұрып келеді. Біз олардың алдында жауаптымыз. Қазандық салу жайы бұл жолы мықтап бақылауға алынса дейміз. Атқарушы биліктен мәселені нақты шешуді талап етеміз.