Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның 7 облысында дауылды ескерту жарияланды

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2024
  • 980

"Қазгидромет" мамандары бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

7 ақпанда Ақтөбе облысында қар жауады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында қатты қар жауады. Кей уақыттарда бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

7-9 ақпанда Қостанай облысында қар жауады, 8 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар жауады. Кей уақыттарда бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, 7-8 ақпанда тәулік бойы, 9 ақпанда түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 7, түнде 9 ақпанда облыстың оңтүстігінде, шығысында, 8 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Күндіз 7, тәулік бойы 8-9 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 7 ақпанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 8-9 ақпанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, 8 ақпанда облыстың оңтүстігінде, батысында, 9 ақпанда облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

7 ақпанда күндіз Ақмола облысында жауын-шашын (мұзды жаңбыр, қар), облыстың батысында қатты қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. 8 ақпанда қар. 9 ақпанда түнде қар, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады, күндіз жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақыттарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 7, тәулік бойы 8-9 ақпанда 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 7 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, 8-9 ақпанда облыстың шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

7 ақпанда таңертең және күндіз Түркістан облысында жауын-шашын, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында 30 м/с және одан аса күтіледі.

7 ақпанда Жамбыл облысының түнде батысында, солтүстігінде, таулы аймақтарында жауын-шашын, күндіз жауын-шашын, облыстың батысында, таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында көктайғақ. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

9 ақпанда Павлодар облысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.