Русский Сайттың толық нұсқасы

Бельгияда дүкен сөрелері бос тұр

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2024
  • 819

Еуропада фермерлердің ереуілі супермаркеттерде азық-түлік тапшылығына әкеп соқты. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. 

Бельгияда шаруалар ірі трассаларды жауып, жүк таситын көліктердің азық-түлік қоймаларына баруына кедергі келтірді. Салдарынан, супермаркеттердің тауар қоры түгесіліп, сөрелері бос тұр. Тұрғындар жеміс-жидек, көкөніс өнімдері мен сусын сатып ала алмай, дал болуда. Сатушылар, дүкен қоры мен сөрелерді толтыруға тағы 2-3 апта уақыт қажет екенін айтады.

Бенедикт Клаве, Брюссель қаласының тұрғыны:

Бейбіт заманда дүкен сөресі бос тұрғаны сұмдық қой. Бір емес, төрт дүкенге бардым. Көкөніс жоқ, қашан келетінін білмейміз дейді.

Натали Бландин, дүкен әкімшісі:

Фермерлер үкіметке ерегісіп өздерінің азық-түлік тарату қоймаларын ашпай отыр. Егер, алған беттерінен қайтпайтын болса, біз оларды сотқа береміз.