Оның ішінде жетеуі – бала, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 7 қаңтарда сағат 07.08-де Абай көшесі, 49/2 мекенжайы бойынша төртінші қабатта пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
– Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде екі бөлмелі пәтердің балконы мен қонақ бөлмесінде 12 шаршы метр аумақта үй заттары жанып жатқаны анықталған, – дейді департаментте.
Жоғары температураның әсерінен бесінші қабаттағы балконның 0,5 шаршы метр пластикалық бұрышы балқып кеткен.
Өрт сөндіру бөлімшелері баспалдақпен көтерілгенге дейін 20 адам өз бетінше эвакуацияланды. Оның ішінде жетеуі – бала.
Тілсіз жау сағат 07.25-те ауыздықталып, сағат 07.47-де сөндірілді.