Маңғыстау облыстық соты Қанат Жұмабаевқа 2 917 000 теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Сот алқасы Қ. - ға 2 917 000 теңге, С. - ға 2 333 600 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады, өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды. К. және С. лауазымды тұлғалар бола отырып, 4 азаматты Каспий футбол клубына менеджер, комендант, инспектор ретінде заңсыз жұмысқа қабылдаған. Олар жұмыс істемеген, бірақ жұмыс істейді деп көрсетілген, ай сайын кәсіпорынның шотынан жалақы төленген. Осылайша мемлекетке 2 090 189 теңге сомасында материалдық залал келтірілді», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.