Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда радиациялық онкология бөлімшесі ашылды

Қарағандыда радиациялық онкология орталығы ашылды. Химиятерапиялық бөлімшеде тәулігіне 120 дан астам науқас емделе алады. Аймақта 22 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдыққан. Бұған дейін оларға аурухана қабырғасында көмек көрсету қиын болды. Орын жетпейтін. Жылдар бойы көтерілген мәселе шешілді. 3-інші көпсалалы аурухана жанынан бірден екі бөлімше - химиятерапиялық және паллиативтік көмек бөлімдері ашылды. Алғашқысында күніне 100 ден астам адам радиациялық ем қабылдап, оңалтудан өтеді. Ал паллиативтік бөлімде дерті асқынған науқастар жатады. Ақ халаттылар мұнда ай сайын 500 адамға көмек көрсетпек. Орталық ең соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Шұғыл зертхана, ультрадыбыстық зерттеу, рентген құралдары бар. 

Гамаль ТОҚСАМБАЕВ, №3 КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұрыңғы балалар клиникалық ауруханасының ғимараты жөнделіп қайта жабдықталды. Онкологиялық ауруханада орын жетіспейтін. Енді міне химиятерапиялық бөлімде емделіп, одан кейін оңалып шығады. Сонымен бірге паллиативтік бөлімде қатерлі ісіктің 4-інші сатысына шалдыққан науқастарымызға симптоматикалық ем жасалады. Сонымен бірге күндізгі стационар да бар. Онда 60 тай науқас келіп дәрісін алып, кетіп отырады.

Дүйсехан ТӨЛЕУБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

“Мен 12 жылдан осы больницада емделіп жатырмын. Дәрігерлер өте білікті, білімді адамдар. Ашылып жатқан больница щамануаи талаптарға сай, өте жақсы. Енді оған біз қуаныштымыз. Халық игілігін көрсін”.