Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде ұсталған адамды азаптады деген күдікпен полиция қызметкері қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2024
  • 835

Семейдегі орталық полиция бөлімінің қызметкері қамауға алынды. Ол ұсталған адамды қылмыс жасағанын мойындату мақсатында "азаптады" деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл іс Қылмыстық кодекстің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағы (Азаптаулар, яғни лауазымды адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі) бойынша тіркелді.

2024 жылғы 26 қаңтарда Абай облысының прокуратурасы күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.

"Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр",-деп хабарлайды Абай облысының прокуратурасы.

ҚПК-тің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, басқа ақпарат жария етілмеді.