Русский Сайттың толық нұсқасы

Әріптесін абайсызда атып өлтірген полиция қызметкеріне үкім шықты

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2024
  • 1111

Алмалы аудандық сотында абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін (ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі) сотталушы К-ға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.

Сот анықтағандай, 2023 жылдың жазында сотталушы К., ғимаратты күзету мақсатымен, полициясы департаментінің ғимаратына келген. Сотталушының әріптесі қызметтік қаруды алғаннан кейін, белбеуін байлау үшін оны ұстауын К.-дан сұраған. Сотталушы К., өз кезегінде қызметтік қаруды қолына алып, оны қолданудың барлық ережелерін елемей, қаруды жоғары-төмен сермеуге кіріскен. Оның осы әрекеттерінің салдарынан сотталушы абайсызда қарсы тұрған әріптесінің басынан атып, соңғысы сол жерде жан тапсырған.

Сотталушы Қ. өз кінәсін толык мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Прокурор 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сот сотталушы К-ны кінәлі деп танып, Қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-бөлігімен 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына моральдық шығын үшін 10 миллион теңге және материалдық шығын үшін 3,5 миллион теңге өндірді. Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар- сотталушының өз кінәсін мойындауы және оның жас болуы. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", - делінген Almaty sottary Telegram-арнасының хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған апелляциялық тәртәппен шағым жасалуы мүмкін.