Түркияның шығысында Ерзинжан провинциясындағы алтын кеніші опырылып, жұмысшылар үйінді астында қалып қойған. Бұл туралы провинция губернаторы Хамза Айдоғду мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Айдоғдудың сөзінше, Илич ауданындағы шахта аймағында топырақ көшкін жүрген.
"Үйінді астында жұмысшылар қалды, олардың нақты саны белгісіз. Басқа провинциялардағы командалардың қатысуымен іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді губернатор NTV телеарнасына берген ақпаратында.
Шахтаны басқаратын Anagold компаниясы баспасөз релиізінде болған жайтты растап, олардың шұғыл қызметтер қызметкерлері де үйінді астында қалғандарды іздеу жұмыстарына қатысып жатқанын хабарлады.