Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысы аумағында үш мыңға жуық жүк көлігі бес күннен бері қаңтарылып тұр

Ақтөбе облысы аумағында үш мыңға жуық жүк көлігі қаңтарылып тұр.Жүргізушілердің айтуынша, олардың жүре алмай тұрғанына бес күн болған.

Дулат ДӘРМЕШОВ, ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Жол тазаланбаған. Техника жоқ, тамақ жоқ. Қиналып жатырмыз.Соляркамыз бітіп жатыр. Біраз адамның заттары бұзылып жатыр. Холодильникте тұрған тауарлары. Білмеймін, бір жағдай жасасын да. Ешқандай көмек көрсетіліп жатқан жоқ.

Өңірде кешеден бері қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ. Жолдар жабылды. Ақтөбе мен Қарабұтақ арасындағы көліктердің тізбегі 60 шақырымға дейін созылған.

Айбол ДАНАҒҰЛ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір қар жауып тұр. Участок бойынша тайғақтық бар. Соның кесірнен көп жерлерде үлкен жүк көліктері қиналып жүріп жатыр, тұрып қалғандары бар. Солардың барлығына қазір көмек көрсетіп, шығару жұмыстары жүргізіп жатырмыз. КДМ Құм шашу жұмыстары Бұзылып тұрған жүк көліктері бар шамамен елу шақты, сүйреуге өз ұсыныстарымызды беріп жатырмыз.