Русский Сайттың толық нұсқасы

"Өз-өзіне оқ атқан": әскери колледж курсанты қаза тапты

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2024
  • 3693

2024 жылдың 13 ақпанында Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz ақпарат порталы.

Кейбір деректерде "Тәуліктік кезекшілік міндетін өтеу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, қаза болды" деп айтылады.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

"Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады",- делінген хабарламада.