Ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі.
Абай облысында - 7 учаске (825 км);
Ақтөбе облысында – 2 учаске (405 км);
Алматы облысында - 1 учаске (84 км);
Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске (511 км);
Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км);
Жетісу облысында - 1 учаске (100 км);
Қарағанды облысында - 1 учаске (48 км);
Қостанай облысында - 1 учаске (83 км);
Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км);
Павлодар облысында - 2 учаске (423 км);
Солтүстік Қазақстан облысында - 3 учаске (316 км);
Түркістан облысында - 2 учаске (283 км);
Ұлытау облысында - 2 учаске (438 км);
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 332 бірлік техника және 412 жолшы жұмылдырылған.