Русский Сайттың толық нұсқасы

Актриса Гүлназ Жоланова ана атанды

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2024
  • 2244

Танымал актриса Гүлназ Жоланова ана атанды. Бұл туралы кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова Revue news-қа берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гүлназ Жоланова Гүлнұр Мамасарипованың түсіріп жатқан жаңа фильмінде ойнайды. Кинопродюсердің айтуынша, Гүлназды фильмге түсуге көндіру қиынға соққан, өйткені актриса қазір декретте отыр.

"Гүлназ ылғи "неге мені шақырмайсыз, неге мені түсірмейсіз?" деп айтатын. Сөйтіп мен "саған бір рөл бұйырмай жатыр, бір күні бұйырар" дейтінмін. Осы жолы бірнеше актрисаны қарастырып, Гүлназға қоңырау шалдым, сөйтсем Гүлназ "мен түскім келген кезде алмай, тура декретте отырған кезде шақырғаныңыз қалай болды?" деді. Мен оған "балаңа қараймыз, бүкіл жұмыс тобы бала күтуші боламыз, түсші" дедім. Солай Гүлназ фильмге түсетін болды", - деді кинопродюсер.

Ал Гүлназ Жоланова жеке өміріне қатысты пікір білдіруге дайын емес екенін жеткізді.

"Бұл менің жеке өмірім. Бұл сұраққа әлі жауап бере алмаймын", - деп қысқа қайырлы актриса.