Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектептегі терроризм туралы жалған хабар таратқандар анықталды

«Қазақстан мектептеріне террористік шабуыл жасалады» деп жалған хабар таратқандардың кім екені анықталды. Қарағанды мен Қостанайда көрнеу жалған ақпарат жолдаған төртінші, жетінші сынып оқушылары болып шықты. Кәмелетке толмағандардың ата-анасы бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлмегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрі 2 млн теңгеге дейін айыппұл арқалады. Полиция мәліметінше, Ақтөбе, Атырау, Алматы мен Павлодарда тараған хабарламаларға ТМД елдері азаматтарының қатысы бар. Оларды әшкерелеу үшін шет ел сақшыларымен бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Альбина МАХАМБЕТОВА, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫ:

Өткен жылы полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бойынша 215 қылмыстық іс қозғады. 43 адам анықталды, оның 19-ы кәмелетке толмаған, 7 адам сотталды, оның ішінде 2-уі кәмелетке толмаған. Әрбір осындай факт бойынша жан-жақты тергеу жүргізіледі. Ал қылмыскерлерді анықтау уақыт еншісінде.