Русский Сайттың толық нұсқасы

Полицейлер таксилерді жаппай тексеріп жатыр

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2024
  • 2211

5 және 29 ақпан аралығында Астана қаласы аумағында республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, іс-шара барысында полицейлер Жол жүру ережелері талаптарының сақталуын қадағалайды. Соның ішінде таксилердің жолаушыларды, багажды тасымалдау ережелерін сақтауын тексереді.

5 ақпаннан бері тәртіп сақшылары жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 9 такси жүргізушісін анықтады. Сондай-ақ көлікті нөмірсіз басқарған 46 жүргізуші ұсталды. 380 жүргізуші міндетті техникалық тексерістен өтпеген. Бұдан бөлек 500-ден астам жүргізуші жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамаған.

Шара барысында патрульдік полицейлер "Хюндай" автокөлігін басқарған 35 жастағы Өзбекстан азаматын анықтады. Шетелдік тиісті тіркеу құжаттарынсыз "Яндекс" мобильдік қосымшасы арқылы жолаушыларды тасымалдап жүрген. Өзбекстан азаматына қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. Ал көлігі коммуналдық тұраққа қойылды, - деп атап өтті ведомство.