Русский Сайттың толық нұсқасы

Жұбайына қатысты шағым жазудан бас тартқан: Түпқарағанда полиция әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2024
  • 4498

Түпқараған ауданының тұрғыны көршісінің үйінде баланың жылаған және әйел адамның айқайлаған даусын естіп, 102 нөміріне хабарласқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, көрсеткен үйді тексеру барысында К-ның зайыбы А-мен сөзге келіспей, оны балағаттап, күш қолданғаны және ар-намысына тиетін сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзғаны анықталған. Алайда, жәбірленуші жұбайына қатысты шағым жазудан бас тартқан. Соған қарамастан полиция қызметкерлері К-ге қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған.

Сотта К. оқиға бойынша кінәсін мойындап, болған оқиға үшін зайыбынан кешірім сұрайтынын, алдағы уақытта қайталамайтынын айтса, жәбірленуші А. жолдасын кешіретінін, ешқандай талабы жоқ екенін көрсеткен. К-нің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, өзінің кінәсін мойындау туралы жауабымен, көршісінің арызы және түсініктемесімен дәлелденді.

Әкімшілік жаза қолдану барысында жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсінің мойындауын танылса, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылған, деп хабарлады Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.