Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстаннан алтын ұрлап кеткен адам Әзербайжанда ұсталды

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2024
  • 2900

Әзербайжаннан трансұлттық ұйымдасқан топтың мүшесі экстрадицияланды, - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Әзербайжаннан Түркия азаматын экстрадициялады.

Ол 2020 жылдың шілдесі мен тамызы аралығында трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында Қазақстаннан 24 келіден астам алтынды контрабандалық жолмен әкетуге қатысқан деп күдіктеледі.