Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысында 29 әйел мен бала боранда қалып қойған

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2024
  • 1465

Желіде Абай облысы Көкпекті ауданында боранда қалған адамдардың видеосы тарады.

Арнайы техника мен полицияның қызметтік машиналары трассада тұрып қалған адамдарға әлі жете алмады.

Сағат 13:15-те МИ-8 тікұшағындағы құтқарушылар Қалбатау ауылына 29 әйел мен баланы, эвакуациялады.

Жарма ауданының әкімдігі "Жол болсын" кафесінде жылыту пунктін ұйымдастырды. Сағат 13:20-да ТЖМ тікұшағы екінші рейске кетті.

Көкпекті ауданындағы боранға байланысты қонуды жүзеге асыру мүмкін емес. Полицейлер басқа жүргізушілермен бірге колоннада.