Желіде Абай облысы Көкпекті ауданында боранда қалған адамдардың видеосы тарады.
Арнайы техника мен полицияның қызметтік машиналары трассада тұрып қалған адамдарға әлі жете алмады.
Сағат 13:15-те МИ-8 тікұшағындағы құтқарушылар Қалбатау ауылына 29 әйел мен баланы, эвакуациялады.
Жарма ауданының әкімдігі "Жол болсын" кафесінде жылыту пунктін ұйымдастырды. Сағат 13:20-да ТЖМ тікұшағы екінші рейске кетті.
Көкпекті ауданындағы боранға байланысты қонуды жүзеге асыру мүмкін емес. Полицейлер басқа жүргізушілермен бірге колоннада.