Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда қалта ұрылары қолға түсті

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2024
  • 2661

Алматыда қалта ұрылары қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер қоғамдық көліктер мен аялдамаларда бөгденің мүлкін қолды қылуды кәсіп қылған.

– Күдіктілердің арасында 39 жастағы Б.есімді азаматша да бар. Ол 64 жастағы танысымен бірге қылмыс жасаған. iPhone телефонын ұрлаған екі азамат Алатау ауданында ұсталды. Басқа күдіктілер де ұсталды. Барлық эпизодтарда бөтен адамдардың мобильді құрылғылары күдіктілердің нысанасына айналды. Белгілі болғандай, әшкереленген азаматтар осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын да сотты болған. Олар қамауға алынды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ өткен жылы Алматы полициясы бөтеннің мүлкін ұрлаған 3 мың 079 адамды ұстағанын, қоғамдық орындарда (сауда орталықтары, базарлар, қоймалар, компьютерлік клубтар және т.б.) жеке мүлкін ұрлаған 119 топтың қылмыстық әрекетінің жолын кескенін еске салады. Қазақстан ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.