Русский Сайттың толық нұсқасы

Энергетикалық сусын ішкен әйелдің дүниеге дені сау ұрпақ әкелуі екіталай

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2024
  • 712

Энергетикалық сусын ішкен әйелдің дүниеге дені сау ұрпақ әкелуі екіталай. Дәрігерлер осылай деп дабыл қағуда. Қауіпті сусынның жүрек ауруы, қант диабеті, асқазан дертіне шалдықтыратыны да дәлелденген. Алайда, көпшілік оған әлі де құлақ асар емес.

Өркен МЫРЗАБЕК, ТІЛШІ:

Бұл сусынды тұтынатындар көп. Әсіресе жастар шөл қандырамын деп, күніне кем дегенде екеуін ішеді. Денсаулыққа зиян екенін біледі, біле тұра, солай етеді. Өйткені, оларда тәуелділік қалыптасқан.

Атын атап, жүзін көрсетпеуді өтінген кейіпкеріміз -энергетикалық сусынға тәуелділігін әрең жеңгендердің бірі. Оның өзінде, бойыма дерт жабысқан соң ғана өзімді тоқтаттым дейді.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Энергетикалық сусындарды күнделікті пайдаланғаннан кейін, Осындай ауруларға гстритке әкеліп соқты. Оны күнделікті пайдаланғаннан кейін жүрегімде ауыратын болып қалды. Соның әсерінен денсаулық сыр бере бастады. Барлығына айтатын кеңесім тоқтатқан дұрыс болар.

Бірақ, жұрттың пікірі әрлауан.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Менің өзім энергетикалық сусындарды мүлдем ішпеймін. Өйткені олар организмге зияндылау болады.
- Энергетикалық сусындарды ішпеуге тырысамыз. Біраз газировный суларды бар ғой оларды ішеміз енді.
- Энергетикалық сусындарды ішпеуге тырысамын. Бірақ сабақтарда, сессияға дайындық кезде ішемін.
- Сабақ оқу барысында жиі қолданған болатынмын. Оның зияны өте көп. Оның зияны жүрекке көп зиян тигізеді.

Энергетикалық сусынды аяғы ауыр келіншектердің тұтынуына мүлдем болмайды. Сондай-ақ болашақ аналардың да бұл сусынды ішпеуіне кеңес береді. Егер тәуелділікті тоқтатпаса, дүниеге келетін сәбиде жүрек ауруы болуы мүмкін.

Алтынгүл ХАСЕНҚЫЗЫ, ДӘРІГЕР:

Жүрек ақауларының ішінде көптеген ақаулар бар. Кеңінен тоқталатын, жабылуы тиіс тесіктер жабылмай қалады балаларда. Сонымен қатар қандай да бір дене мүшесі орнында болмауы. Міне осындай ақаулардың салдарынан бала туыла салып мүгедек болады.

Энергетикалық сусынның құрамында 400 грамдық кофейн бар. Бұл дегеніміз бір банкаға 27 қасық құмшекер салғанмен тең. Ал күніне екі- үшеуін ішкен адамның қант диабетіне шалдығу қаупі жоғары.