Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған өзін-өзі қорғау курстары жұмыс істейді

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2024
  • 719

Астанада тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған тегін өзін-өзі қорғау курстары жұмыс істейді. Сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар, сонымен қатар аз қамтылған отбасы балалары мен қиын жағдайға тап болған жасөспірімдер де оған қатыса алады. Бірлескен күш-жігер арқылы ғана қоғамда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қабылдамау мәдениетін орнықтыра отырып, бұл әлеуметтік құбылысты жоя аламыз дейді мамандар.

Қазір курстың 33 мүшесі бар. Арасында жасөспірімдер де кездеседі. Олар қоғамдағы қатыгездіктен, зорлық-зомбылықтан өзін қорғауға үйреніп жатыр. Бұл-өмірлік қажеттілік, дейді келушілер. Кәсіби тренерлерден бокстың бірнеше түрімен қатар еркін күрес техникаларын меңгереді.

КЛУБҚА КЕЛУШІ:

Біз мұны өзіміз үшін жасаймыз, бұл үйдегі зорлық-зомбылық болмауы міндетті емес , көшеде түрлі жағдай болуы мүмкін. Мысалы кенеттен сөмкемізді алып кетуі мүмкін.Немесе бізді итеріп құлатуы мүмкін . Біріншіден, әйелдердің үшін өзін-өзі қорғау білуі- маңызды, соның арқасында біз балаларымызды қорғай аламыз. Мен мұнда өзім үшін уақыт өткізіп, физикалық тұрғыдан шындану үшін келемін. .

Курсқа кез келген жастағы қыз-келіншектер өтініш білдіре алады. Барлығы-тегін. Уақыты-шектеусіз.

Жан ЗАКИРОВ, МЕНЕДЖЕР:

Бұл идея тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерді зорлық-зомбылық қолданылған қарым-қатынаста болған қыздарға көмек ретінде пайда болды. Біз әйелдерді жай ғана оқытып қоймай, өзін-өзі қорғау әдістерін арнайы курс ретінде оқытуды жөн көрдік. Онан кейін бокс, кидбоксинг, тай боксы, еркін күрес бойынша техникаларды үйренеді.

Психологтар әйелдердің моральдық, психологиялық және құқықтық жағынан өзін бір ретке келтіріп, шешілмей жүрген проблемаларын қалыпқа келтіруге арналған сағаттар өткізеді.

Инна МАЛЬЦЕВА, ПСИХОЛОГ:

Бұл топ, өкінішке қарай, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге арналған. Қазір бұл тақырып өте өзекті. Жоба әйелдерге отбасылық проблемаларды шешуге көмектесіп қана қоймай, өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Біз әртүрлі дәрістермен арнайы практикалармен келеміз , соның арқасында әйелдер жаңа нәрсені үйренеді.

Мамандардың ақпаратынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының орташа жасы- 33. Олардың басым бөлігі- жұмысы жоқ, табысы жоқ, күйеуіне тәуелді әйелдер.

Айгерім ДАРКЕМБАЕВА, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар, сондай-ақ аз қамтылған отбасы балалары мен қиын жасөспірімдер тегін кешенді қызметтерді ала алады. Өтініш бергендерге психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіліп, өзін-өзі қорғау әдістері мен жекпе-жек өнеріне үйренеді.

Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қаңтар айында 717 әкімшілік іс сотта қаралған. 946 қорғаныс ұйғарымы шығарылып, құқық бұзушының мінез-құлқына 76 ерекше талап қойылды.