Русский Сайттың толық нұсқасы

Инфрақұрылымның болмауы жылыжай кәсібін дамытуға кедергі келтіруде

Инвестор бар. Бірақ инфрақұрылым мәселесінің дер кезінде шешілмеуі кәсіп бастаймын деген азаматтарға қолбайлау болып тұр. Түркістан облысында қолданыстағы кәсіпорындардың өзінде қиындықтар туындауда. Әсіресе жылыжай шаруашылығымен айналысушылар газ бен электр энергиясы секілді ең маңызды дүниеден тапшылық көріп жатқандарын жасырмайды. Мәселе қашан шешіледі? Тілшіміз анықтап көрді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бос жатқан атшаптырым аумаққа осыдан екі жыл бұрын мына секілді жылыжай бой көтеруі тиіс еді. Алайда электр энергиясының шешілмеуінен 9,5 гектар жерге жоспарланған жұмыс тоқтап тұр. Инвесторларды алаңдатып отырғаны да осы мәселе.

Польшалық инвесторлар 7,5 млрд теңге қаржы құйған шаруашылықты Мұрат Гелашвили басқарады. Жылыжай кәсібін дамытуда уақыттан ұтылып жатқандарын жеткізді. Екі кезең бойынша жұмысын жолға қоюы тиіс жылыжайдың әзірге алғашқысы ғана өнім беріп тұр. 11.5 гектар аумақтан жылына 6 мың тонна қияр мен қызанақ алынуы тиіс. Алайда, электр энергиясының тапшылығынан өнімді әлдеқайда аз алып отырғандарын айтады. Қажетті қуаттың сағатына 7,5 МгВ-тың орнына небәрі 4,5 МгВ \меговат\ алып отырмыз деді. Оның үстіне көгілдір отынды үнемдеп пайдаланыңдар деген ескерту келіпті.

Мурат ГЕЛАШВИЛИ, СЕРІКТЕСТІКТІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Действующиге қазір 3 мВТ керек, оған да жетпей жатыр. Бізде поблочный ғой, 5га, 1 га, 5га. Соның 6 гектарының досветкасы бар, 5 гектарына жетпей жатыр. –Оны қалай шешіп жатсыздар?-Шеге алмай жатырмыз. Подстансада жоқ күші. Соған бола зарар көріп жатырмыз. Егер лампалар болған кезде... 10 тоннаның орнына біз 3 тонна теріп жатырмыз. Ал расход бәрібір сол. Газ сол кетіп жатыр, су сонша кетіп жатыр. Жұмысшылар солай жұмыс істейді. Бірақ выход урожай аз.

Саурам ауданы Қарамұрт ауылы маңында биыл төртінші жыл қызанақ пен қияр егіп отырған аталмыш серіктестікке баратын жол мәселесі де қиын. Әсіресе қыста қиналатындарын айтады. Асфальтті өздері төсеп алуы тиіс екен. Бірақ өнімін ел аумағынан бөлек Ресейге экспорттайтын шаруашылық түскен табыс шығынды әзер жауып жүр дейді. Әзірге жергілікті әкімдіктің қолдауымен екі шақырымға жуық жолға тас төселгеніне шүкір деп отыр. Жергілікті атқамінерлер жағдайдан хабардар. Қолдан келген көмекті аяп жатпағанын жеткізгендер электр энериясы тапшылығы алдағы екі жылда шешілетінін жеткізді. Сайрам ауданында «Бу-Газ қондырғысының құрылысы жүріп жатыр.

Шухрат УБАЙДУЛЛАЕВ, САЙРАМ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Паро-газовый установка бойынша менің айтайын дегенім, ол тек қана біздің аудан емес, ол жалпы оңтүстік өңірінің элекстр энергиясы тапшылығын шешу жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге олар қазір Түлкібас ауданы, Төлеби, Шымкент қаласы мегаполиске электр жүйелерін тартуды бастады. Ол ертең іске қосылатын болғанда ол тек қана біздің ауданды емес, осы оңтүстік өңірдің энергия тапшылығын шешуге жоспарланып отыр.