Абай облысында жалған полицейге сенген тұрғын 1 млн теңгесінен айырылды. Алаяқтар өздерін құқық қорғау органының қызметкеріміз деп таныстырған. Жәбірленушіден жеке басын куәландыратын құжатын сұраған. Жеке деректерін иемденіп, шотынан 925 мың теңгесін шешіп алған.
АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Абай облысы Жарма ауданының жедел уәкілдері күдіктілердің ізіне жылдам түсіп, оларды ұстады. Белгілі болғандай, алаяқтықпен БҚО-ның үш тұрғыны айналысқан. Қазіргі уақытта жастар қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.